Хабар телеарнасы

Халық жаңа Үкіметтен не күтеді?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғалы 5 жыл болды. Осы уақыт ішінде саланың бюджеті 2 есе артқан. Биыл оған тағы 2 триллион теңгеден астам ақша бөлінді. Бірақ медицина қызметінің сапасы жақсарды деу қиын. Бұдан бөлек, коммуналдық саланың жұмысы да реттелмей тұр. Үлкен қалаларда мезгіліне бір су тапшылығы байқалып, электр энергиясы болмай қалып жатады. Жалпы халықтың базынасы бар. Оны назарға алатын жаңа Үкіметтен жұртшылық не күтеді?