Хабар телеарнасы

Смайылов «Shell» компаниясымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен «Shell» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юнович мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Жиында Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру, жаңа газ өңдеу зауыттарын салу, экологиялық заңнама нормаларын сақтау сынды түйткілдер айтылды. Кездесуде «Shell» компаниясы бұл бағытта атқарылып жатқан жобаларды дамытуға әзір екендігін атап өтті.