Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында 2 мың гектар жер шаруаларға қайтарылды

Тұрар Рысқұлов ауданының 24 фермері иелігіндегі жерінен осыдан 3 жыл бұрын айырылып қалған болатын. Себебі олар мүшелік еткен кооператив өзге серіктестікке 21 миллион теңге берешек болып, қарыз берушілер сотқа шағым түсірген. Сот пай иелерінің меншігіндегі жер учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шешім шығарған. Бұл ретте жер кодексінің 33-бабында көрсетілген, ортақ қолданыстағы жерді пайдалануға беруге болмайтыны туралы тармақ ескерілмеген. Нәтижесінде шаруалардың жерді пайдалану құқығы қайтарылды. 

Данияр Кемелхан, прокурор:
-Ағымдағы жылдың 5 қазанында Жамбыл облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен Жамбыл облыстық экономикалық сотының шешімі бұзылып, 24 пай үлескерлерінің құқықтарына шешілді. Қазіргі таңда пай үлескерлерінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға тиесілі жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.