Хабар телеарнасы

Сенаторлар үш бірдей халықаралық қызмет туралы заңды мақұлдады

Құжат әскерлеріміздің бітімгершілік операцияларына қатысуын реттейді. Бізде ішкі және ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша әлемнің түрлі елдеріне жауынгерлерімізді жіберу тәжірибесі қалыптасқан. Осы уақытқа дейін Непал, Батыс Сахара, Ливандағы бітімгерлік операциясына 500 астам жауынгер қатысты. Тәжік-Ауған шекарасы мен Ирактағы миссияны да абыроймен өткердік. Қабылданған заңда логистика, контингентті тасымалдау және қаржы мәселелері айқындалады.

Айта кетейік бітімгершілік операцияларға қатысу туралы шешімді әр мемлекет ерікті түрде қабылдайды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
- Қаралған заңдар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік әлеуетін Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар заңдар аясында мүше мемлекеттердің құқықтық көмек көрсету, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдың негіздері мен шарттары анықталады.