Хабар телеарнасы

ШҚО әкімі болып Ермек Көшербаев тағайындалды

Өңірдегі маслихат депутаттарының отырысына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қатысып, бұл лауазымға екі кандидатты ұсынды. Оның бірі Қазақстаннның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған Ермек Көшербаев болса, екіншісі облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов. Маслихат отырысына қатысқан 153 депутаттың 117-сі Көшербаевтың кандидатурасын мақұлдап, дауыс берді. 58 жастағы жаңа әкімге бұл өлке таңсық емес. 2010-2014 жылдары осы жақта облыс әкімінің бірінші орынбасары болған. Сондықтан аймақтағы өзекті мәселелерден хабардар. Ал өңірді аттай 9 жылға жуық басқарған Даниал Ахметов Президент жарлығымен лауазымынан босатылды. 

Ермек Көшербаев, облыс әкімі:
-Мен осы өңірде 5 жыл жұмыс істедім, болған тәжірибемді жаңа естіп отырсыздар. Бірталай мемлекеттік органдарда жұмыс істеп едім, содан бар болған тәжірибемді әрине деймін,осы облысты дамытуға қосамын, менің мақсатым сіздердің сенімдеріңізді ақтау.