Хабар телеарнасы

Бүгін «Хабар» арнасында «Қимылдама» телехикаясының тұсауы кесілмек

Бүгін «Хабар» арнасында «Қимылдама» телехикаясының тұсауы кесілмек. Драма, детектив, комедия жанрын қамтитын тележоба 15 бөлімнен тұрады. Онда елімізде болған ең резонансты, ең танымал қылмыстық істер туралы баяндалады. Бас кейіпкер – Бауыржан, әлеуметтік желіге арнайы пранк түсіреді. Әзілдеп полиция киімін киген жігіт ойламаған жерден шынайы қылмыс оқиғасының куәгеріне айналады. Қатардағы блогерден, аяқ асты шеңді болған Бауыржан жайлы шытырман оқиғаны бүгін сағат 21:45-те арнамыздан тамашалай аласыздар.

Қазбек Рүстембеков, режиссёр:
-Неге Астанада түсіріп көрмеске деген оймен бұрын-сонды болмаған телесериал түсірдік. Хабар үшін де бұл эксперименталды жоба болмақ. Өзін ақтайды деген ойдамыз. Себебі телехикаямызда шынайы оқиғаға негізделген көптеген қылмыстық істердің мән-жайы ашылады. Онда өз-өзін газ баллонымен жармақ болған жігіт те, науқас ұлын емдеу үшін киллер болып жұмыс істеген ана да көрсетіледі.