Хабар телеарнасы

Қазақстандық әуе тасымалы 82% қауіпсіз

Бұл ТМД елдері арасында жоғары көрсеткіш. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Үкімет отырысында осылай деді. Айтуынша ұшақ қызметін пайдаланатындардың саны да артқан. Өткен жылы 11 млн жолаушы тасымалданыпты. Енді ішкі және халықаралық маршруттар көбейтілмек. 9 жыл соңына дейін ашылса, алдағы екі жылда әлемнің 17 қаласына рейстер қойылады. Алайда салада кадр тапшылығы, авиаотын қымбаттауы, ұшу-қону жолақтарының тозуы секілді мәселелер де бар. Сондықтан биыл республикалдық бюджеттен 7,2 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Сондай-ақ үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауаптыларға аэродром маңындағы заңсыз нысандарды реттеуді, баға саясатын қайта қарауды тапсырды. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 
- Рейстердің кешігуі немесе мүлдем орындалмай қалуына байланысты шағымдар көп. Әуекомпаниялардың жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Рейстердің кешігу себептерін уақтылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды. Осыдан баға саясатында да көптеген сұрақтар туындайды.