Хабар телеарнасы

«Ақ жол» партиясы үгіт-насихат науқанының соңғы күнінде киелі Түркістанға табан тіреді

Алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып құран бағыштады. Мұнан соң жергілікті жұртпен кездесу өтті. Жиында саяси ұйымның бағдарламасы таныстырылды. Түркістандықтар мазалаған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ облыстағы кәсіпорындарды аралап еңбек ұжымымен кездесу өтті. Естеріңізге сала кетейік үгіт-насихат кезеңінде «Ақ жол» демократиялық партиясы 11 мыңнан аса кездесу өткізді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- «Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штабтың мүшелері киелі Түркістан жеріне келіп отырмыз. Біз осы сайлауалды науқанымызды ең алғашқы күн Жошы ханның басына барып, Қазақ хандығының арғы атасы басына барып, құрбан бағыштадық.