Хабар телеарнасы

«Ақ жол» партиясының кандидаттары қызылордалық кәсіпкерлермен кездесті

Баймұрат батыр атындағы ауыл халқына сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ондағы жергілікті халықтың көбі жеке шаруашылыққа иелік етеді. Мұнан соң, ұйым өкілдері үгіт-насихат жұмысымен Қызылорда қалалық ауруханасына барды. Медицина қызметкерлерімен сөйлесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Мамандардың сұрақтарына жауап беріп, саяси науқанның мән-мағынасын түсіндірді. Кездесу ашық диалог форматында өтті.

Нұрлыбек Амангелдиев, сайлауалды штаб мүшесі: 
- Мінекей, Республикалық штабтан ҚР Парламенті мәжілісіне үміткерлер осы аймағымызға келіп, өзіміздің осы партияның бағдарламасы негізінде құрылған нақты тезистерді түсіндіріп, халықпен кездесіп жатыр. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілермен оның ұжымдарымен, сол қызметкерлермен кездесіп сауалдарын тыңдап осы сайлауға белсене қатысу туралы маңыздылықтарын түсіндіріп жатыр.