Хабар телеарнасы

Қызылордада 70 орындық жаңа перинаталды бөлім ашылды

Қызылордада жаңа перинаталды бөлім пайдалануға берілді. Облыстық көпбейінді аурухана жанынан ашылған 70 орындық мекемеде түрлі сырқаты бар жас ана мен жүкті әйелге медициналық көмек көрсетіледі. Ол соңғы үлгідегі магнитті-резонансты томографиямен жабдықталған. Акушерлік бөлімді жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Жалпы Сыр өңірі бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Биылғы 2 айдың өзінде 3 мың нәресте дүниеге келген. Экологиялық ахуалы қолайсыз аймақ болғандықтан, қызылордалық жүкті әйелдер де патологиялық аурулар жиі кездеседі.

Динара Шүкірбек, Талсуат ауылының тұрғыны:

- Менде түсік тастау мәселесі көп болғандықтан толғақ басталғаннан арнайы бақылауда болу үшін Талсуат ауылынан осы жаққа алып келді. Босану кезінде көмек көрсеткен акушер-дәрігерлерге алғыс білдіремін.

Арман Ержанова, акушер-гинеколог: 

-Бұл бөлімнің керектігі облыста экстрагентальді жүрек, қан аурулары, бауыр, бүйрек ауруларының асқыну сатысындағы науқастарға декомпенсация, субкомпенсация жүрегіне операция жасалған, гепатиті бар әйелдерге көпбейінді ауруханада арнайы мамандардың қарауымен бақылау жүргізілетіндіктен осы орталықтың ашылуының мәселесі өте жоғары болды.