Хабар телеарнасы

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Қостанай облысында жалғастырды

Кандидаттар жергілікті жылқы зауытының жұмысшыларымен кездесті. Мұнда «Қостанай» тұқымының тұлпарлары өсіріледі. Сайлаушылармен өткен жиында ұрпақтар сабақтастығын бұзбай, атакәсіпті жалғастырып келе жатқан шаруаларға құрмет көрсетілді. Кездесу аясында саяси науқанның өзектілігі айтылды.

Сайран Бұқанов, Қазақстанның Еңбек Ері:
- Қазіргі сайлауға халық көбірек баруға тиісті. Қазір халық өзгерді, өте белсенді. Жас болсын, үлкен болсын бұл сайлауға көп адам қатысады.