Хабар телеарнасы

«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасының мазмұны таныстырылды

Проблеманың туындауыда содан болар. Дәл қазір 1 млн 400 мың отандасымыз несиесін қайтара алмай отыр. Қарыздың жалпы сомасы 1,5 трлн теңгені құрайды. Бәрінің мерзімі кем дегенде 90 күннен асып кеткен.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары: 
- Осы азаматтардың ішінде 5 жылдан астам қарызы бар 365 мың адам бар. Олардың қарызы 504 млрд теңгені құрайды. Халықтың проблемалық қарыздарының заңнамалық реттеу қажеттілігін көрсетіп отыр. Заңнама жұмыс тобын құру арқылы жасалды. Оң да сол да жақтары бар бұл заңнаманың.

Оң жағы банкрот деп танылған тұлғаға айыппұл мен өсімпұлды есептеу тоқтатылады. Банк картасына түскен жалақы өз қолына тиеді. Теріс жағы не?

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары: 
- 5 жылға несие алуға шектеу көзделген. Үш жылдан кейін қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Мұндай тәжірибе Еуропа елдерінде де жүргізіліп отырады.

Адам өзін қасақана банкрот деп таныса осы тексерістер арқылы әшкереленеді. Мұның бәрі қазір тек жоба. Тиісті құжат жуырда Мәжіліске кетіпті. Жалпы бұл мәселені депутттарда көтеріп жүр. Демек заң қабалданғанша біраз толықтыруға ұшырауы мүмкін.

Александр Милютин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
- Қазір тіпті студенттердің одан қалды жұмыссыз жастардың да несиесі бар. Табысы болмағандықтан олар қарызын өз бетінше өтей алмай отыр. Салдарынан пайыз қосылып берешектерінің көлемі еселеп артуда. Ахуал әбден ушыққан кезде қаржы ұйымы студенттің ата-анасына смс жіберіп, хабарландырады. Бір таң қалаларлығы пайыз тіпті жастарды әскерге алып кеткен уақытта да қосыла береді. Осының бәрін талдап, жүйеге келтіру керек.

Кім, қалай банкрот болады? Бұл процедураның үш түрі бар. Өз-өзін банкрот деп тану. Сот арқылы шешім шығару және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Былайша айтқанда жаңа төлем кестесін жасату. Оның нақты қадамдары енді жасалады. Бұл проблемалық қарызы 4 млн 900 мың теңгеден аспайтындарға қатысты. Ескеретін тағы бір жайт банкрот деген сөздің астарында несиелерді толық кешіру деген ұғым жоқ. Ондай бұл заң аясында көзделмеген. Бастама мәселені оңалдыруға бағытталған.

Авторы: Ердәулет Ыбырайұлы