Хабар телеарнасы

Ерлан Саиров: Олигархтар жылу электр орталығын қайтару кезінде барлық шығынды өтеуі тиіс

Сонымен бірге ол Екібастұз қаласына барып, жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдаған халық қалаулылары премьер-министр Әлихан Смайыловқа, Бас прокурор Берік Асыловтың атына депутаттық сауал жолдады. Олар магистарльді трубалардың тозу дәрежесін анықтай отырып, халықтан алынатын тарифтердің инвестициялық бөліктерінің қайда кеткендігін анықтауды, кәсіпорын акционерлерінің құқықтық жауапкершілігін қарастыруды сұрады.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-2015-2022 жылдары жылу жүйелеріне әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы 183 млрд теңге бөлінген. Осы соманың қалай, қайда жұмсалғанына тексеру жүргізу маңызды. Жалпы энергетика саласына, стратегиялық сезімтал сала болғандықтан қоғамдық бақылау орнатуға жан-жақты көңіл бөлу өте маңызды.