Хабар телеарнасы

11 қарашада «Хабар» арнасында сайлауалды дебат өтеді

Дебат тікелей эфирде сағат 20.00-де басталады. Қазір телестудия пікірсайысқа дайындалып жатыр. Регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді. Эфир уақыты 80 минуттан асады, екі тілде жүргізіледі. Дебатта 4 раунд болады. Әрқайсысында кандидат өз бағдарламасы бойынша баяндама жасап, қарсыластары мен сайлаушылардың сауалына жауап береді.