Хабар телеарнасы

Nur Otan партиясының жанындағы қоғамдық кеңестер қысқарады

Nur Otan партиясының жанындағы қоғамдық кеңестер қысқарады

Оған елдің барлық өңірінен 399 делегат қатысуда. Жиында партияны жүйелі түрде қайта құру тетіктері ортаға салынды. Енді Nur Otan партиясының қоғамдық кеңестерінің құрылымы қайта жасақталады. Атап айтқанда, қоғамдық кеңестер саны қысқарады: Республикалық деңгейде 14-тен 9-ға дейін. Аймақтық деңгейде 12-ден 8-ге дейін қысқарады.

Қоғамдық қабылдау бөлімдері проавтивті форматта жұмыс істеуге көшеді және шалғай елді мекендерде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады. Сонымен қатар Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Мұндай ұсынысты Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII Съезінде жиын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жасады.