Хабар телеарнасы

«Самұрық-Қазына» қорының мемлекеттік сатып алуға жауапты 55 адамы қызметінен босатылды

Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімге қанағаттанған жоқ. Ол алдағы 10 күнде қорды реформалау мәселесіне қайта оралатынын ескертті. Мемлекет басшысы: «Самрұқ-Қазына» құрылыс және қайта құру бағытында ауқымды жұмыс істеп отыр. Алайда түрлі мемлекеттік сатып алуларда сол баяғы компаниялардың бағы жанып отыруы қисынға келмейді», - деді.

Олар бар шаруаны субмердігерге міндеттеп отырғаны белгілі. Бұл өз кезегінде сапаға сын келтіріп жатыр.