Хабар телеарнасы

ҚР Президенті Германияның жаңадан сайланған Федералдық Канцлері Олаф Шольцке жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі деп санайтынын және екі ел арасындағы қарқынды дамып келе жатқан стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өткен. «Қазақ-герман және Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматтарындағы сан қырлы ықпалдастығымыздың мазмұнын одан әрі байыту мақсатында Сізбен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенімді растаймын. Орайлы мүмкіндікті пайдаланып, өзара ыңғайлы уақытта Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын», – деп жазылған Президенттің жеделхатында.