Хабар телеарнасы

Б. Сапарбаев: Қордай ауданындағы ұлтаралық ахуал тұрақты

Былтыр бүлік кезінде бүлінген нысандар мен тұрғын үйлер толық қалпына келтірілген. Өткен жылы тұрғын үй, жол құрылысы, білім беру, медицина, мәдениет және спорт салалары бойынша жалпы құны 35 миллиард теңгеден асатын 392 жоба іске асқан.

Бердібек Сапарбаев өңірде салынып жатқан отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы жайында баяндады. Зауыт маусымда сыналады. Мемлекет басшысы облысқа инвестиция тартуды және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.