Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

Құрылғанына енді екі ай болған агенттік басшысы атқарған жұмыстарын баяндап берді. Ведомство осы уақыт аралығында ПТР сынамасының, жеке қорғаныс заттарының, сондай-ақ Қазақстан әуежайларындағы тұтыну тауарларының бағасын төмендету бағытында жұмыс атқарған. Президент агенттік басшысына дәрі-дәрмек бағасын айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.