Хабар телеарнасы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне Аида Ғалымқызы Балаева тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Үкімет басшысы Аида Ғалымқызының ақпарат және ішкі саясат саласындағы 20 жылдық тәжірибесін атап өтті. Сондай-ақ бұрынғы министр Дәурен Абаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі.