Хабар телеарнасы

СҚО Есіл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Покровка ауылының маңында Есіл өзені тасып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Себебі Петропавл-Жезқазған тас жолын су шайған. Бұған дейін тосыннан келген тасқын су елді мекендегі 30-ға жуық үйге жайылғанын хабарлаған едік. Осыған байланысты 200-ден астам адам шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріліп, олар колледж жатақханасына орналастырылды. Зардап шеккен тұрғындармен мәжіліс депутаттары кездесіп, олардың хал-ахуалын білді.

Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өтемақы толығымен төленеді. Сондықтан да бұл жерде халықтың алдында өтемақы төленетінін енді Президенттің аузынан шықты. Біз енді сол өтемақыны адамның қолына сол көлемде берілуін қадағалайтын боламыз.