Хабар телеарнасы

Леңгір қаласындағы азық-түлік дүкенінде газ құбыры жарылды

Түркістан облысының Леңгір қаласында газ құбыры жарылып, 2 адам зардап шекті. Оқыс оқиға Күмістөбе көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінде болған. Қатты жарылыстан 1965 жылы туған дүкен иесі мен 2018 жылы дүниеге келген немересінің бетін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, газ құбыры жерасты магистралі арқылы жүргізілген. Төтенше жағдай орнына 30-ға жуық құтқарушы мен 7 техника жұмылдырылған. 

Олжас Арапбаев, Леңгір қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі: 
- Қазіргі таңда немересі амбулаториялық ем қабылдап, үйіне қайтарылған. Атасына реанимацияда ем жүргізіліп жатыр. Жағдайлары тұрақты, не болғанын толық айтып берді.