16:00Әрі қарай: Телесериал «Позывной «Стая»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Қазақфильм» студиясындағы өртке байланысты тергеу басталды

  • Категория: Оқиға
«Қазақфильм» студиясындағы өртке байланысты тергеу басталды
Фото: ainews.kz

14 тамыз сағат 21:33-те Әл-Фараби даңғылында орналасқан «Қазақфильм» киностудиясының аумағында өрт шығып, жалын 400 шаршы метрді қамтып, темір шатырдың астында жиналған құрылыс материалдары өртеніп жатқаны анықталған.

Дереу Алматы қаласы ТЖ департаментінің күштері тартылып, арнайы мамандар 7 минуттың ішінде өрт сөндіруге кіріскені мәлім болды. Өртті сөндіру барысында 200 шаршы метр аумақта ағаш құрылымдарының жанып жатқан екінші ошағы анықталды. Өртеніп жатқан 2 ошақтың арасы 800 шаршы метрді құрады. Қатты қызған жалын өрттің тез таралуына ықпал етті. Жедел арада қабылданған шаралардың арқасында өрттің бірінші ошағы 23:10-да, ал екіншісі 23:26-да жойылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өрт сөндірушілер «Қазақфильм» киностудиясының әкімшілік ғимаратына өрттің таралуына жол бермеді. «Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен 53 қызметкер мен 16 бірлік техника, Полиция департаментінен 30 қызметкер мен 10 бірлік техника, Жедел медициналық көмек мекемесінен 6 қызметкер, 2 бірлік техника және Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметінен 4 жұмыскер мен 4 бірлік техника жұмылдырылды», – деп хабарлайды еліміздің төтенше жағдайлар комитеті.

Сондай-ақ...