Хабар телеарнасы

Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатының мән-жайын анықтауға кірісті

Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатының мән-жайын анықтауға кірісті

Олар – тәжірибелі әскери ұшқыштар. А.Құрманғалиевтің жалпы ұшу уақыты 888 сағат болса, ал И.Гаврилконыкі 1161 сағатты құрайды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Апат орнына әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келген. Ұшқыштарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланды. Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісінікі орташа ауырлықта деп баға беруде. Қорғаныс министрлігінен тағайындаған комиссия авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Апат орнына әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ұшып кетті.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шығарылғаны анықталды. Бұл МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы. Бұдан бұрынғы оқиғалар 2007, 2008, 2013 жылдары орын алған болатын.