Хабар телеарнасы

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл

Осыған орай арнайы деректі фильмнің тұсауы кесілді. Ғалымдар қазаққа ғана емес бүкіл Орта Азияға ортақ тұлғаны тану жұмыстарына әлі де серпін керек екенін айтады. Қаламгер ретінде қалдырған 7 кітап 200-ге жуық публицистикалық мақалалары әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Жүргеновтанушылар Темірбек Қараұлы министр болған Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріндегі мұрағатты да қайта қарауды алға тартып отыр. Бұл ағартушы арыстың мерейтойына арналған үлкен олжа болуы мүмкін.

Бауыржан Иманғалиев Филология ғылымдарының кандидаты, доцент: 
- 19 ғасырда Ы.Алтынсарин революция жасаса, 20 ғасырда Т.Жүргенов революция жасады. Үлкен театр консерватория құру Жүргеновтан бастау алады. Үздік ұстаздарға медаль тағайындалып, көркем фильм түсірілсе. Өнер фестивальдары ұйымдастырылса... 5 министрлікті жалғыз өзі атқарған. Қалай қолдаса да жарасады.