Хабар телеарнасы

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 2 отбасына баспана берілді

Бұл жанұялардың үйін комиссия мүшелері мүлдем жарамсыз деп таныған.

Жалпы су астында қалған баспаналарды бағалау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазір 174 отбасына мемлекеттен біржолғы өтемақы төленді. Сондай-ақ 12 жанұяның бүлінген дүние-мүлкі есептеліп, жақын арада шығын көлемі өтеледі. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Сәуле Қапарова, қала тұрғыны:
- Қиын кезде қолдау көрсеткен қайырымды жандарға алғысымды айтамын. Әрине, қуанышым қойныма сыймай тұр. Балаларым да шаттанып жатыр. Осындай қолдауға ие болған біз бақыттымыз.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Баспанасыз ешкім қалмайды. Басқа жерлер де күрделі жұмыс бола ма, басқа жұмыс бола ма соның бәрін ұйымдастырамыз. Ең бастысы
ұзаққа созбай, ізін суықтпай тұрғындарды баспанамен қамту. Жарамсыз деген үйлердің иелері баспанамен қамтылады.

Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласының әкімдігінде қалаға көшуге және пәтер сатып алуға ниет білдірген Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарынан 24 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 млн 183 мың теңгеге қаражат аударылды.