Хабар телеарнасы

Астана қаласын су басу қаупі жоқ

Үкімет басшысы Олжас Бектенов елорданы су тасқынынан қорғауға арналған контрреттегіштің жұмысын тексерді. Қазір контрреттегішке келіп жатқан су көлемі секундына 248 текше метр. Енді секундына 40 текше метрге дейін су ағызылмақ. Астана су қоймасы 409 млн текше метр су жинай алады. Елорда іргесінде Тайтөбе ауылында 2.5 шақырымдық бөгетке қосымша ұзындығы 1,2 және биіктігі 2.5 метрлік жаңа бөген салынды. Су ресурстары вице-министрі баяндағандай елорда маңындағы гидротехникалық нысандар бақылауда және бас қаланы су басу қаупі жоқ. Ал жуырда су алған Талапкер ауылына қатысты былай деп түсіндірді. 

Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
-Бұл жерде бір мәселені айту керек. Иә, Талапкерге жаңағы Есілдің себебі тиіп жатқан жоқ. Бұл жерде Нұра өзені бойынша да Преображенкодағы узелда 1400 куб секундына су қазір жүруде. Соның да әсерін тигізуде. Бірақ та қала әкімдігі, облыс әкімдігі және төтенше жағдай министрлігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.