Хабар телеарнасы

Су сапасы бақылауға алынды

Қызылсу тасып жатқанда ауыз судан түрлі дерт өршіп кетпеу үшін су сапасы бақылауға алынды. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам су сынамасы алынған. Оның 130-дан астамы талапқа сай болмай шықты. Эпидемияға қарсы шара аясында сумен жабдықтау нысандарына, мал қорымдарына, кәріздерге және зираттарды тексеру күшейтілді. Ел аумағында санитарлық-зарарсыздандыру режимі қатаң сақталып отыр. «Тасқын су мен ауыз судан бөлек, азық-түлік сапасының қауіпсіздігі де бақылауда»,— дейді денсаулық сақтау министрлігі.