Хабар телеарнасы

Атыраудағы кәріз суларын тазарту стансасы 90% ескірген

Атырау қаласындағы кәріз суларын тазарту стансасы тозып тұр, 90% ескірген. Оны қалпына келтіруге жергілікті бюджеттің шамасы жетпейді. Ал жыл сайын арнасы тарылып бара жатқан трансшегаралық Жайық өзенінің ластану деңгейі 5-ші санатқа жетті. «Елімізде өндірілетін көмірсутегі шикізатының 65% шоғырланған өңірдің экологиясына көңіл бөлетін уақыт жетті»,— дейді депутаттар. 

Арман Хайруллин, Облыстық мәслихат депутаты:
-Президент өңірдің экологиялық жарасына айналған жарасын айтып кетті. Оның Жайықтың мүшкіл жағдайы жерасты суларының ластанып, көтерілуі. Бұл халықты сапалы және жеткілікті деңгейде ауызсумен қамтамасыз ету, бұл кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізу және ескісін қайтадан жасақтау. Сондай-ақ тозығы жеткен қатты тұрмыстық қалдық полигонының рекультивациясын сапалы жүргізу және бұған дейін құрылысы бітіп тұрған сұрыптау кешенін іске қосуды тапсырды.