Хабар телеарнасы

Әйелдер арасында жатыр мойны обырымен ауыратындар көбейген

Мәселен, жыл сайын әлемде 300 мың әйел осы аурудан көз жұмса, елімізде 600-ге жуығы қайтыс болады. Өкінішке қарай жыл сайын Қазақстанда 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі екен. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштерді азайтуға болады. Себебі ауруға қарсы папиллома вакцинасы әйелдер қауымына егілуде. Қазір 125 елде 270 миллион дозасы салынған. Былтыр көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан вакцина егуді бастаған. Ал отандық мамандар: «Кеш те болса, биыл 11 жастағы қыздан бастап, 175 мың әйелге екпе салынады», - деп отыр.