Хабар телеарнасы

СҚО-да жылқы қырылып жатыр

Бір ғана Уәлиханов ауданына қарасты Қайрат ауылында 120-ға жуық жылқы аштықтан арам өлген. Ен далада ұшты-күйлі жоғалып кеткені одан да көп. Ауыл әкімінің айтуынша, ақпанның басында өңірде жаңбыр жауып, боран болған. Ауа райының күрт бұзылуынан жылқылар, тебіндей алмай қалған. Қазір елді мекенге басқа аудандардан көмек ретінде жем-шөп жеткізіліп жатыр. Ал жоғалған үйірлерді іздеуге арнайы топ жұмылдырылған. 

Ержан Битниев, Қайрат ауылының әкімі:
-100-ден асты енді, 120 ма солай. Себебі көрдіңіз бе бұл жерде әлі мысалы жылқым жоқ дейді, конкретно жоқ, бірақ оның білмейді өлі ме, тірі ме?! Бірақ өлгендері 100-ден асты. 120 болып қалды. Ал қаншасы жоқ қазір. Бір 250-дей жылқы жоқ әлі.