Хабар телеарнасы

Алдағы үш жылда 20 су қоймасы салынады

Су шаруашылығындағы инфрақұрылымның тозығы жеткендігі де күрделі мәселе. Сенат отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл саладағы проблемаларды шешу жолдарын мәлім етті. Айтуынша, елімізде жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасы қайта жаңартылады. Нәтижесінде суармалы жер көлемі ұлғаяды және 41 елді мекенді сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 3 мың 500 шақырым болатын су арналарын жаңарту көзделді. 

Нұржан Нұржігітов, ҚР СУ Ресурстары және ирригация министрі:
-20 қойманы 2027 жылға дейін құрылысын аяқтауымыз керек. Қосымша 3,7 текше км суды біз жинақтауымыз керек. Келешекте біз тағы қандай жұмыстарды жоспарлап отырмыз. Соған жауап берілді. Су ресурстарын басқару 2024-2030 жылға дейін тұжырымдамасы әзірленді.

Мәулен ӘшімбаеВ, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қазірдің өзінде еліміздің кейбір аймақтарында су тапшылығы күрделі мәселеге айналып отырғаны белгілі. Сонымен қатар гидротехникалық нысандардың қауіпсіздік мәселесін де назардан шығармауымыз керек. Осы бағыттарға басымдық бере отырып, тиімді шараларды іске асыру аса маңызды.