Хабар телеарнасы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштер қабылдау жалғасып жатыр

Конкурсқа он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі азаматтар үміткер бола алады. Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі. Атап айтқанда ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес және медиа. Мақсат – белсенді шығармашыл жастардың өз бастамаларын іске асыруға қолдау көрсету. Әр жеңімпазға 3 млн теңгеден беріледі. Ал грант саны - 30. Өтінімдер ағымдағы жылдың 26 қарашасына дейін қабылданады. Үміткер өз жобасы жайлы бейнематериал немесе 10 слайдтан аспайтын таныстырылым ұсынуы керек. Өзге мәліметті Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан біле аласыз.