Хабар телеарнасы

Қостанай облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты Қостанай облысында бірінші ауысымның сабақ уақыты қысқартылды. Ал екінші ауысым оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшті.

Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, қарашаның 22 мен 23 күндері облыс аумағында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді. Осыған байланысты 12 бағыттағы республикалық және облыстық маңыздағы жолдар жабылды.