Хабар телеарнасы

Көктайғақ бойынша барлық жаңалықтар

27 ақпан 2020 жыл - 12:00 жаңалықтар топтамасы

27 ақпан 2020 жыл - 12:00 жаңалықтар топтамасы

Жаңалықтар топтамасының бұл шығарылымында:

  • Боран мен көктайғақ салдарынан бірқатар жол жабылды
  • ШҚО-да балалар отырған автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды
  • «Абай – асыл ойдың данасы» атты көшпелі көрме ұйымдастырылуда
  • Қызылордалық көкпаршылар ат спортын дамыту үшін кәсіби клуб ашуды сұрап отыр
  • ШҚО-дағы VIII қысқы универсиада әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналады
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар, бұрқасын болып, жел күшейеді. Республиканың кей өңірінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің 15-20 м/с-қа күшеюі, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, Павлодар облысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде жел, тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет