Хабар телеарнасы

СҚО-да 50 астам ауылда жарық жоқ

Қазіргі таңда мамандар 7 ауданда электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 46 бригада жасақталып, 180 астам техника жұмылдырылған. Энергетиктердің айтуынша, жағдай әсіресе Мағжан Жұмабаев ауданында күрделі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері өңірде қар аралас жауын жауып, арты боранға ұласты. Қатты желдің салдарынан сымдар үзіліп, бағандар құлаған еді. Қазір кей ауылдарға электр энергиясы Ресей және Ақмола облысынан тасымалданып жатыр.

Владислав Лукин, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Өңір тұрғындарын сумен қамтып отырған кәсіпорын қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Халыққа тіршілік нәрі беріліп жатыр. Энергетиктер ертең сағат 15-00 дейін бар шаруаны аяқтаймыз деп отыр. Яғни қалған ауылдар жарықпен қамтамасыз етіледі.