Хабар телеарнасы

Павлодарлық диқандар күзгі жиын-терімді аяқтады

«Биыл ауа-райы құбылмалы болғандықтан, жылдағыдай жоғары көрсеткіш жоқ»,— дейді шаруалар. Бірақ қажырлы еңбек, озық технологиялардың арқасында орасан шығынға жол берілмеді. Мерекелік жиында әдеттегідей үздік сауыншы, малшы, механизатор, фермерлер марапатталды. Биыл ел аумағында 17 миллион гектарға жуық дәнді және бұршақты дақыл жиналды. Үкімет қуаңшылықтан зардап шеккен фермерлерге көмек береді. 

Мұрат Теміржанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:
-Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға байланысты ауқымды жұмыс басталды. Павлодар облысына 1,5 миллиард теңге бағытталды. Бұдан бөлек агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға қосымша 155,5 миллиард теңге бөлу мәселесі шешілуде, оның ішінде Павлодар облысының қажеттілігі 9,8 млрд теңге.

Әлібек Несіпбеков, шаруа қожалығының жетекшісі:
- Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы мекемелеріне жақсы көңіл бөліп жатыр. Қаржылай болсын, техникадай болсын. Субсидия беріп жатыр. Соның арқасында біздің мекеме дамып жатыр. Басты бағытымыз сол картоша егеміз, картоп, сәбіз басқа да дақылдарды егеміз. Суармалы жер болғаннан кейін бізде өнім жақсы болды.