Хабар телеарнасы

Енді мемлекеттік мекемелердің ақпараттық базалары тексеріледі

Елімізде енді мемлекеттік мекемелердің ақпараттық базалары тексеріледі. Бүгін Сенатта ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер туралы Заң жобасы мақұлданды. Оның аясында Цифрлық даму, инновациялар және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады. Аталған орталық дербес деректердің дұрыс сақталуына бақылау жүргізеді. Азаматтардың жеке мәліметі қолды болған жағдайда мекемелер министрлікке 1 күн ішінде хабарлауы керек. Тиісті деңгейде әрекет етпесе, ведомство мамандары жауапкершілікке тартылады. Бұл Заңмен криптовалюта саласы да реттеледі.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Майнинг жұмысын реттеу мақсатында Заңда жаңа өзгерістер мен толықтырулар жасалып отыр. Яғни оларды лицензиядан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау рәсімі белгіленіп отыр.