Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысының 2 ірі елді мекенінде «Сергек» камералары іске қосылды

1 шілдеден бері Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданындағы жолда 1138 ереже бұзу дерегін тіркелген. Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жүзеге асқан жоба құны 6 млрд 609 млн теңге. Жолдарға бейнебақылау құралын орнатылып, қызмет көрсету бойынша 5 жылға келісімшарт жасалған. Жүргізушінің ереже бұзғаны туралы ақпарат бірден процессингтік орталыққа түседі. Мұнда әр бейнежазба 30 күн сақталады. 

Сүйін Құрмантаев, ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
-Жылдамдықты асыруы, қарсы бағытқа шығуы, бағдаршамның тыйым салынған тұсынан өтуі, яғни «Қызыл» сигналдан өту және тұтас жолақты кесіп өтуі бойынша құқықбұзушының ұялы телефон номеріне смс-хабарлама барады. Азамат 7 күн ішінде 50% мөлшерде айыппұлын төлей алады немесе 1 ай ішінде ерікті түрде төлей алады. Төлемейтін жағдайда аталған нұсқама жеке сот орындаушылардың өндірісіне түседі.