Хабар телеарнасы

Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Orano S. A. компаниясының бас операциялық директоры Николя Мас энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Үкімет басшысы Қазақстан мен Франция энергетика саласында байырғы стратегиялық әріптес екенін атап өтті. Компания Қазақстанда 27 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Осы орайда «КАТКО» бірлескен кәсіпорны – ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестіктің дәлелі. «Біз ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз»,— деді Әлихан Смайылов. Николас Мас «Orano»-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылығын білдірді.