Хабар телеарнасы

Павлодар облысында қарақұрт қаптап кетті

Өрмекші тәріздес жәндіктердің ұяларын Баянауыл ауданында демалып жүрген тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Энтамолог-ғалымдардың пайымдауынша, улы жәндіктердің күрт таралуының екі себебі бар. Біріншіден, қарақұрттардың көбеюіне көктем мен жаздың басындағы құрғақшылық қолайлы жағдай туғызуы мүмкін. Екіншіден, өрмекші тұқымдас жәндіктер еліміздің Оңтүстік өңірлерінен жеміс-жидек, көкөніспен тасымалдануы ықтимал. Абырой болғанда, қарақұрт шаққандар тіркелмеген.