Хабар телеарнасы

Елордада Республика күніне арналған салтанатты концерт ұйымдастырылды

Мерекелік шара «Астана Опера» театрында өтті. Концертте Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Үлкенбаева, Димаш Құдайберген және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ хореографиялық топтар мен симфониялық оркестр өнер көрсетті.