Хабар телеарнасы

«Самұрық-Қазына» жүйесіндегі кәсіпорындардағы ереуілдер 5,5 есеге азайды

Жыл басынан бері Самрұқ Қазына жүйесіндегі кәсіпорындардағы ереуілдер 5 жарым есеге азайды. Бүгін бұл турасында Ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері мәлімдеді. Былтыр еңбек даулары салдарынан 90-ға жуық ереуіл болса, биыл жыл басынан тек 13 жағдай болған. Бұған әлеуметтік шиеленістер мен жұмыстағы кикілжіңдердің алдын алуға бағытталған «Нысана» байланыс орталығының іске қосылуы сеп»,— дейді әлеуметтік тұрақтылықты бақылау орталығы. Мамандар елдің барлық өңіріндегі кәсіпорындардағы ахуалды онлайн режимде бақылап отырады. Мәселе туындаса — сары түс, ереуіл болып, жұмыс тоқтап қалса — қызыл түс. Мәселе шешілсе — жасыл түс. Еңбек дауларының алдын алу мақсатында қызметкерлерге проблеманы анонимді хабарлау мүмкіндігі берілген. Биыл 8 айда 14 мыңнан аса құпия хабарлама түскен екен. 

Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек мәселелері және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры:
-100% анонимді және де 24/7 режимінде жұмыс істейді, барлық шағымдар міндетті түрде қаралады және шағымдар жолдауы арналары бізде көп. Егер наразылық өршіп бара жатса, портфельді компанияның омбудсмендері мен медиаторлары кіріседі.