Хабар телеарнасы

11 мамыр — атақты комментатор Амангелді Сейітхановтың туған күні

Әріптес ағамыз көзі тірі болса 55 жасқа толар еді. 200-ден астам әлемдік жарыстан қазақ тілінде хабар таратқан майталманды сағынған көрермендер үшін ертең сағат 9:00-де «Хабар» арнасынан «Жеңісті күндерде жүздескенше» атты деректі фильм көрсетіледі. Сондай-ақ Алматыда ағамызды еске алуға арналған футболдан БАҚ өкілдері арасындағы турнир өтеді. Оған еліміз аймақтарынан 13 команда қатысады.