Хабар телеарнасы

«URKER – 2023» жеңімпаздары анықталды

Осы сәттерде үздік репортаж, үздік фотосурет, үздік YouTube канал сынды 12 номинация бойынша жарияланған «URKER» – 2023 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздарын марпаттау рәсімі өтуде. Биыл байқауға республикалық, өңірлік және халықаралық телеарна мен радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдардан 450 өтініш түсіпті. Шараның ортасында қазір әріптесім Ердәулет Ыбырайұлы да жүр. Ердәулет, сіз эфирдесіз! Жеңімпаздардың есімі белгілі болды ма?

Бұл байқау БАҚ өкілдерінің үлкен бір мерекесі деуге болады. Міне осыдан 10-15 минут бұрын ғана «URKER – 2023» жеңіпаздарын марапаттау шарасы ресми түрде ашылды. Дәстүр бойынша үміткерлер мен медиа саланың өкілдері қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Ұлттық бәйге 2017 жылдан бері тұрақты негізде өткізілуде. Байқауды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған. Бәйгеге түскен жұмыстарды белді журналистер, сала ардагерлері мен халықаралық медиа сарапшылардан құралған қазылар алқасы бағалапты.
Осы уақытқа дейін 80 талантты журналист пен шығармашылық ұжым марапатталыпты. Бүгін бұл тізім тағы 12–ге артады. Әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағы, «URKER – 2023» естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.