Хабар телеарнасы

«Astana Media Week – 2023» апталығы өз жұмысын қорытындылады

Үш күнге созылған шарада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған журналистер мен ақпарат саласының мамандары пікір алысты. Тәжірибелерімен бөлісіп, тренингтерге қатысты. Медиа апталықта баспасөз хатшылары да назардан тыс қалған жоқ. Саланың бел ортасында жүрген белді мамандарға «Ақпарат саласының үздігі» медальдары табысталды.