Хабар телеарнасы

Жетісу облысында 100 шақты аула балшықтан тазартылды

Жетісу облысында нөсер жауынның салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Төтенше жағдай саласындағылардың мәліметінше, Ешкөлмес және Абай ауылындағы 120 ауланың жүз шақтысы балшықтан тазартылған. Кешелі бері 300 текше метр лай шығарылды. Ал эвакуацияланып, Қарабұлақтағы мектепке орналастырылған отыз адамның басым бөлігі жақындарының үйіне кеткен. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Елдос Ахметов, Ескелді ауданының әкімі:
-Бүгінгі күні 400 адам жұмыс істеп жатыр. 12 техника жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек эвакуация жасаған адамдар, 3 ересек адам, 7 бала ғана қалды. Олардың жатын орындары бар ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр.