Хабар телеарнасы

Банкроттыққа 86 мың адам өтініш берген

Бір жылдың ішінде 86 мың адам өзін банкрот деп тануға өтініш берген. 67 мың азаматтың өтініші аяқсыз қалды. Себебі борыш сомасы банкрот деп тану межесінен көп болып шыққан немесе қарызды төлемеген мерзімі 12 айдан аспаған. Соттан тыс банкроттыққа өтінім берген азаматтардың несиесі 5,5 миллион теңгеден, яғни көрсетілген сомадан асып кеткен. Мамандардың сөзінше, кредиторлар мен коллекторлар кредит бюросына борышкерлер туралы қисынсыз деректер ұсынған. Сенаттағы талқылау барысында кредиторлар тізімінде кейбір қаржы ұйымдары қамтылмағаны да айтылды.