Хабар телеарнасы

Ұлытау облысындағы дала өрті толық сөндірілді

Өткен аптада бірнеше жерде от тұтанған еді. Жаңаарқа ауданындағы елді мекеннен 45 шақырым жердегі 1,5 гектар аумақ қызыл жалынға оранды. Алдын ала болжам бойынша дала өрті шөп шабуға шыққан техникалардан ұшқан шоқтан тұтанған. Мал-жанға еш зияны тиген жоқ. Дегенмен 45 гектар шабындық жер жанып кетті.

Бектемір Есбергенұлы, облыстық ТЖД апаттық-құтқару жұмыстарының бастығы:
-Шабындыққа зиян тигені 45 гектар. Мал-жанға ешқандай қауіп төнген жоқ. Қазір шөп шабудың  науқан уақыты. Сондықтан елді мекендерде тракторлардың искра гасительдерінің исправность дейді ғой. Солардан шығады өрт.