Хабар телеарнасы

СҚО-да шабындық көбелегі көбейіп кетті

Зиянкестер Мағжан Жұмабаев және Қызылжар аудандарының 10 ауылында тіркелген. Қазір бұл елді мекендерде улау шаралары қолға алынды. Мамандардың айтуынша, жұлдызқұрттың көбеюіне күннің күрт ысуы себеп болған. Тағы бір болжам – көрші Ресей елінен ұшып келуі мүмкін. Не болса да жәндіктер тұрғындардың бау-бақшасымен қатар егін алқаптарына да түскен. Бұл туралы шаруаларға дер кезінде нұсқау беріліп, қауіптің беті қайтарылды. 

Қабиден Сәдуақасов «Республикалық фитосанитарлық диагностика, болжамдар әдістемелік орталығы» СҚОФ жетекшісі:
- 30-40 күннен кейін құрттың, жұлдызқұрттың тағы да пайда болуы мүмкін. Бірақ біз айта алмаймыз осы ауылдарда тағы да болады деп, ол көбелектер, қалың көбелектер басқа жерге ұшып барып, сол жерде жұмыртқасын салып, негізінен бір көбелек 600 дейін жұмыртқа салады.